Печать
Просмотров: 1028

Қайыры мол айда қарманып қалған жөн болар. Сауаптан үммітті жандардың сыйларын мұқтаж отбасыларға жеткізіп жүр, имамдар.

Шардара ауданының мешіттерінде қайырымдылық шаралары жалғасын тауып жатыр. “Әбу Мансур Әл-Матруди” мешітінің имамы Бексұлтан Адасовтың ұйымдастыруымен әлеуметтік әлеуеті төмен 10 отбасыға азық-түлік және 5 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Сүткент ауылы “Асылхан ата” мешітінің имамы Мадиярбек Ташов Рамазан айының құрметіне берілген, аманатты діттеген жеріне жеткізіп берді.

“Зекет” қоры аудандық бөлімінің жетекшісі Нұрмұхаммед Байжанов Ұзын ата ауылында тұратын тұрмысы нашар 10 отбасыға азық-түлік, керек-жарақтар үлестірді.