Печать
Просмотров: 808

АЛЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ! Жақсылықты бөліссең - көбейеді! Қадірлі ағайын, "Ел үлесі- пәтерге" жобасының аясында кезекті 63-ші және 64-ші үйлер Талдықорған өңіріне қарасты Алакөл ауданы, Үшқайың ауылынан 8 балалы Жазыбеков Арман есімді азаматтың отбасына және бір баспана Панфилов ауданы Еңбекші ауылындағы 5 балалы Мухаев Еркінтайдың отбасына табыс етілді.

Бұл азамат аудан имамына өзінің отбасылық жағдайын, үйсіз- күйсіз жүргенін айта келіп, өтініш қалдырған еді. Айта кететін жайт, бұл кісіге берілген үй сол ауылдың имамы Арыстанбаев Қайрат Сұраншыұлы мен шаруа қожалық иесі Көшербаев Бауыржанның берген зекетінен - яғни, 1 350 000 теңгеге алынды. Өз тарапымыздан, осындай талай шаңырақтың шаттыққа кенелуіне себепкер болған қарашаңырағымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына, жобаға жетекшілік етіп отырған "Зекет" қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлына, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлына, Алакөл ауданының Бас имамы Әнет Омарханұлына, Панфилов ауданының Бас имамы Шәріп Серік мырзаға, сонымен қатар, зекетін беріп, жобаға ай сайын ақша салып жүрген барша жамағатқа алғыс білдіреміз!