Печать
Просмотров: 877

“Қырықтың бірі – Қыдыр, мыңның бірі – Уәли” дейді, қазақ. Қырық кісіге жақсылық қылсаңыз, құт дарымай, қайтеді?

Түркістан қаласындағы “Хазіреті Әбу-Бәкір” мешітінің имамы Хамидулла Қоңыртайдың ұйымдастыруымен жалпы сомасы 377 мың теңгеге қайырымдылық жасалды. Бұл ақшаға 500 келіден ұн мен күріш, 150 келіден картоп пен пияз, 100 келіден макарон мен печенье, 50 келіден қарақұмық пен ноқат, жұмыртқа сияқты азық-түлік, сондай-ақ, тұрмыстық керек-жарақтар алынды.

Демеушілердің Рамазанға атаған сыйы 40 отбасыға бұйырды. 100 мың теңге қаржылай да көмек берілді.

Алла Тағала қабыл етсін! Жақсылықты жасаған сәтте ұмытып кеткеннің қайыры мен сауабы мол болатынын еске саламыз.