Печать
Просмотров: 640

Әрбір жасаған  сауапты істеріміз жетіден жетіжүз есеге дейін еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айынан қалмай мұсылман қауымы зекетін, садақасын  тезірек беріп үлгеріп сауапқа кенелгісі келеді. Сондықтан бүгін кәсіпкер Медетов Алтынбек Пердебайұлы кәсібінің зекеті ретінде 200 000 (екіжүз мың) теңгенің  көлеміндегі балалардың спорттық киімдерін  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекет жауаптанған өкіліне табыстады. Ал қаладағы «UZ Kaz Tex Trage» компаниясының директоры  Нурматов Умид бауырымыз 10 ұл балаға  160 000 (біржүз алпыс мың) теңгеге бағаланатын  костюмдерімен  қайырымдылық жасады. Ал Қорғанбай Еламан Сарсенбайұлы бауырымыз 75000 (жетпіс бес мың)теңгенің бағасы бар киімдер берді

  Олар алдағы уақыттарда да осындай қайырымдылық шараларын жасап отырмақ.

Алла Тағала барлығымызға осылай жақсылықтар жасап сансыз сауаптарға кенеле беруді нәсіп етсін!