Печать
Просмотров: 840

Нұр шашқан Рамазан айының құрметіне берілген зекетті мұқтаж отбасыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров өз қолымен тапсырды.

«Қасиетті айда мұқтаждарға қолдау көрсету – қайырлы амалдардың бірі. Зекет - Ислам дінінде намаздан кейін орын алатын бес парыздың бірі. Өйткені, ол Құранның жиырма жеті жерінде намазбен қатар қайталанған. Зекет асыл дініміз Исламда көбею, өсу, тазару, ағыл-тегіл, берекет, нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат.  Зекеттің қайыр-сауабын Алла реттейді» дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Айта кетелік, ізгі шара кезінде  32 отбасының әрқайсысына 25 мың теңгеден берілді.