Печать
Просмотров: 653

"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!" Мүбәрак Рамазан айының соңғы жұмасында "Зекет" қайырымдылық қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасы аясында Талдықорғандық кәсіпкер Кеңес ағамыз Кербұлақ ауданына қарасты Жаңалық ауылының жеті балалы жанұясына үй сыйлады! Бұл жоба бойынша берілген 65-ші баспана! Жағымды жаңалықтың куәсі болған жұма намазына жиналған жамағат риза болысып, қуаныш иесіне көрімдіктерін беріп жатты...Сондай- ақ, дәл сол қасиетті жұманың әрі Қадір түнінің кешінде кезекті 66-баспана да өз иесін тауып үлгерді. Біраз уақыт бұрын Қытайдан оралған Серікұлы Азамат бауырымызға аудан және ауыл имамы, қалың көпшілік себепкер болып Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылынан үй алып берді. Мұндай қуанышқа кенелген тағдыр сынағымен мүгедектің күйін кешкен қамкөңіл бауырымыз ыстық лебізін білдіріп, Қадір кешінде жиналған көпшіліктің көзіне жас алдырды.