Печать
Просмотров: 698

Әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүние есігін ашады. Оңтүстік жұрты 20 жылда 1 миллионнан астам адамға көбейген екен.

Кентау қаласының бас имамы “Жансая” профилакториясына бүлдіршіндерді құттықтай барды. Ғалымжан Айекеев балалармен балаша күліп-ойнап, мол сыйлық үлестіріп қайтты.

Сондай-ақ, орталық мешіттің Жастар ісі және зекет бөлімі жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1-маусым балаларды қорғау күніне орай, сыйлық таратылды. Жергілікті әкімдікпен бірлескен жоба аясында өткен шараға Төлен Жомарт пен Дастан Құрбанқұлов қатысып, 70 сәбиді қуантып қайтты.