Печать
Просмотров: 798

Ордабасы ауданында Рамазан айында қайырымдылық шаралары өтті. Зекет пен пітір-садақасына берілген қаражат мұқтаж жандардың қажетіне жұмсалды.

“Қайнар” мешітінде жылдағы қадамынан жаңылмай ауылдың тумалары 105 отбасыға көмек көрсетті. Азық-түліктің бір жартысын Бөржар ауылы “Ұялы жар” мешітінің тізімінде тұрған 40 отбасыға жөнелтілді.

Жусансай ауылдық мешітінің молдасы Керізбай Омарұлы пітір-садақасынан түскен 115 мың теңгеге он отбасыға азық-түлік үлестірді.

Шұбарсуда туған 1993 жылғы жігіттер 7 отбасыға ұн, картоп, сәбіз, макарон, шекер, май, күріш, шәй және тәттілер тарту етті.

Алла Тағала қабыл етсін, баршасына қайырын берсін!