Печать
Просмотров: 595

Ораза айтының алғашқы күні Фатима Әліпбайдың отбасы үшін ұмытылмастай қуанышпен басталды. Көп балалы анаға ҚМДБ «Зекет» қорының мұрындық болуымен өтіп жатқан «Ел үлесі -пәтерге» акциясының аясында баспана берілді.

Пәтер кілтін тапсыру рәсіміне түркістандықтар куә болды. ҚМДБ төрағасының орынбасары Алау Әділбаев жиылған жұртшылықты Мүфтият атынан ораза Айтымен құттықтады.

Бүгін Түркістан облыстық мешітінде Айт намазынан соң, мерекелік шара ұйымдастырылды. Киіз үйлер тігілді. Құрметті қонақтарға айттық дастархан жайылды.

Балалар тоғызқұмалақ, қазақша күрес, арқан тартыс сияқты ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Кешкісін бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара тағы өтеді.

Айта кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасының арқасында бір аптада Түркістан облысынан 4 отбасы баспаналы болды. Көпшіліктің көмегімен бұл үйлер комиссия тексеруінен кейін, көп балалы, асыраушысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік әлеуеті өте төмен, шын мәнісінде мұқтаж отбасыларға беріліп келеді.