Печать
Просмотров: 796

Көршіден ерулік деген дәстүрімізде бар. Қоңсықонған қызылордалық жамағат арыстықтарға жылуын жеткізді.

Сыр елінің екінші керуенін Қызылорда облысының наиб имамы Рүстем Ешмахан мен “Зекет” қорының сол өңірдегі өкілі Оңталап Жидебаев бастап келді. Жиған-тергендерін қабылдау базасына өткізді.

Одан кейін апаттан шын мәнінде ауыр зардап шегіп, мүлде үйсіз қалған отбасыларға сәлем бере барды. Ас үстінен түсіп, дастархан басында шыдамдылық, шүкіршілік жайлы насихат айтты.

Жарылысқа жақын аумақтың жай-күйін өз көздерімен көрді. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді қайырымды қонақтарды өзі күтіп алып, өкілдікке алғыс білдіріп шығарып салды.

Айта кетейік, мұның бәрі Бас Мүфти Серікбай Ораздың тапсырмасымен ҚМДБ-ға қарасты облыстық өкілдіктердің ұйытқы болуымен Арысқа арналған шарапатты шаралары. Имамдардың үніне үлес қосқан жамағаттарға ризашылық білдіреміз.

Алла Тағала қызылордалық жамағат пен демеушілерге разы болсын!