Печать
Просмотров: 523

ҚМДБ "Зекет" қорының Талдықорған өңіріне қарасты Панфилов ауданы Сарытөбе ауылында "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында 3 балалы, өзі ІІ-топтағы мүгедек Тоқтабаев Нұржан мен Сейдахметова Жанардың отбасына 124-үйдің кілті табыс етілді. Игі шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет" қорының өкілі Серік Құсайынұлы, Панфилов аудандық зекет өкілі Қабди Ақжүнісұлы, Панфилов аудандық орталық мешітінің найб имамы Сарпеков Ұлан арнайы барып, жаңа үйдің лентасын қиды. Осы отбасындағы жақсылыққа бүкіл ауыл болып қуанып, бірінен соң бірі көрімдік, сыйлықтарын беріп, ақ дастархан жайылып, кішігірім мерекеге ұласты. Өз кезегімізде, атсалысқан барша азаматтарға АЛЛАНЫҢ нұры жаусын демекпіз!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорының өкілдігі