Печать
Просмотров: 564

Сүйінші, қадірлі ағайын! Аллаға сансыз мадақ! Қыркүйек айының екінші жұмасында "Ел үлесі- пәтерге" жобасының аясында республика бойынша 127-ші үй Талдықорған өңірі, Көксу ауданы, Мұқаншы округына қарасты Көксу бекетіндегі жұбайы қайтыс болып, бес баламен қалған Күлән Нұрғалиқызына табыс етілді! Қуаныштан көз жасын тыя алмаған ана да, ауыл жұрты да «Зекет» қорына алғыстарын жаудырып, игі іске халықты жұмылдыра білген аудандық зекет өкілі Бақыт Құрманбаевқа дән риза болысты.

Өз тарапымыздан, осындай талай шаңырақтың  шаттыққа кенелуіне себепкер болған жобаға атсалысқан барша ағайынға алғыс білдіре отырып, баршаңызды Алла разылығы үшін ары қарай да осы игі жобаның жалғасын табуына үлес қосуға шақырамыз!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі