Печать
Просмотров: 567

«Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы және қор қызметкерлері алтын құрсақты анаға тосын сый жасау мақсатында кезекті көпбалалы отбасының үйіне барды. Азық-түлік, қысқы аяқ киімдер мен жылы киімдер апарып, балаларға ойыншықтар сыйлап, қаржылай да көмек көрсетілді.

Мұндай тосын сыйға таң қалып, қатты қуанған алтын құрсақты ана өз кезегінде «Зекет» қорына алғысын жаудырды. Өтініш жазып, қордың мұқтаждар тізіміне тіркелген бұл ананың оныншы сәбиі бірнеше ай бұрын марқұм болған екен. Отағасы жүк көлігін айдап, еңбек етіп, күнкөріске қаражат табуға тырысса, Дана есімді «Алтын алқа» иесі 9 баласымен үй жайына қарауда. Балалардың үлкені 15 жаста болса, кішісі 1,5 жаста. Бұл отбасы елорданың шетінде орналасқан кішігірім 2 бөлмелі үйді жалдап тұрады.

Айта кетсек, «Алтын құрсақты анаға тосын сый» – «Зекет» қорының өкілдіктерімен біріге атқарып жатқан ауқымды жобасы. Мақсаты – «Алтын алқа» иегерлері, көпбалалы мұқтаж аналарға материалдық және рухани жағынан көмек көрсету.

Егер де Сіз бұл жобаға ат салысқыңыз келсе, төмендегі телефон номерлеріне хабарлассаңыз болады:

8-775-417-19-12, 8-708-723-74-09

«Зекет» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі