Печать
Просмотров: 581

Тамыз, қыркүйек айлары бау-бақша өнімдерінің өз еркімен пісетін уағы. “Қазан” деп егіс алқаптарын қазан ұратын шағын айтады.

Қазір қауын-қарбызды алаңсыз жеуге болады. Имамдар диқандарды адалдыққа шақырып жүр.

Яғни, табыс үшін егістікті шектен тыс дәрілеп, күштеп пісіру адалдыққа жатпайды. Себебі, шірік шықса да, адамдар уланып қалса да, тұтынушыға титтей де зиянын тигізсе, күнәға батады.

Ондай сауда-саттықта береке болмайды. Алла Тағалаға сенетін адамдар бір-біріне ешнәрсемен зиян шектірмеуі тиіс.

Қарамұрт ауылдық мешітінің имамы Шадымат Мырзаев бір кәсіпкерді зекетке келістіріп, тұрмысы төмен отбасын бір көлік қарбызға қарық қылды. Алла Тағала демеушіге берекесін берсін!