Печать
Просмотров: 646

Сүйінші, ағайын! Барша әлемдердің Раббысы АЛЛАҒА сансыз мадақтар мен мақтаулар болғай! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) сансыз салауаттар болсын! Алланың қалауымен, кеше қасиетті жұма күні ҚМДБ Талдықорған өңірінің Панфилов аудандық орталық мешітінде "Зекет" қорының "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында кәсіпкер Жапарқұлов Тасқын бауырымыздың демеушілігімен
136-баспананың кілті ері қаза тауып, 4 баламен қалған Мұқаева Жадыраға табыс етілді.
Сауабы мол игі жобаға үлес қосқан Жапарқұловтар әулетіне, осы іс-шараға мұрындық болған Талдықорған өңірі бойынша «Зекет қорының» Панфилов ауданының өкілі Қабди Ақжүнісұлына, Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріпұлы мен найб имамы Сарпеков Ұлан бауырымызға Алла сансыз сауаптан жазғай! Жобаның ары қарай да қарқынды түрде жалғасуы үшін жақсылықта жарысайық, бауырлар!