Печать
Просмотров: 485

Қайырымдылық – қайырлы іс. Жатар жері, ішіп-жерге ас-суы, киерге киімі мүлде жоқ міскіндерге көмек беруге болады.

Ал, ері бар, он екі мүшесі сау, бірақ жалқау жұрттарға жәрдемдесуге шариғат тиым салады. Әр адам адал еңбегімен нәпақа табуы тиіс екенін еске саламыз.

Себебі, Алла Тағала тілемсек адамдарды кедейлікті жақын етеді. Сондықтан еңбектенуге шақырамыз.

“Хазіреті Әбу-Бәкір” мешітінің имамы Хамидулла Қоңыртайдың ұйымдастыруымен мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Әрқайсысына 5 келіден күріш, тұз, шекер, макарон, шәй, май, 25 кг ұн, 35 келіден пияз, картоп берілді.

Игі іске 700 мың теңге жұмсалды. Алла Тағала зекет, садақа берген жомарттарға разы болсын!