Печать
Просмотров: 509

Осы уақытқа дейін мешітке көмек сұрап келушілер құр алақан қайтқан емес. Оңды-солды таратамыз деп опық жеген жайымыз бар.

Етектері жасқа толып келіп әр жолы жәрдем алып үйреніп қалып, ақырында зат таңдап ұнамағанын бетімізге лақтырған әйелдерді де көрдік. Тағы да құлаққағыс етеміз.

Қазір облыс бойынша электронды база жасақтап, шын мұқтаждарды тізімге енгізу, бір реттік көмек беру жағы қолға алынып жатыр. Арнайы құрылған комиссияның тексеруінсіз көмек көрсетілмейді.

Жамағатқа жиған жылуының Алланың үйінің жай-күйін түзеуге қалдырғаны қайда сауапты болып тұр. Себебі тілемсектік пен қайыршылық Алла Тағала мен Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у тиым салған әрекеттер.

Кентау қалалық орталық мешіті мен “Зекет” қорының жергілікті бөлімінен бірқатар мұқтаждарға қайырымдылық жасалды. Олардың арасында жетім-жесірлер, жолда қалғандар, ішерге асы жоқ міскіндер де бар.

Алла Тағала жомарттық еткен азаматтарға берекесін берсін! Қиналған отбасыларға жеңілдік тілейміз.