Печать
Просмотров: 696

Жалғызбасты аналар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және қамқорлығында мүгедек балалары бар мұқтаждардың қатарынан іріктелген 40 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «Зекет» қоры жаңадан ашылған діни басқармаға қарасты қайырымдылық мекемесін де азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят), – деп айтқан.

Осы ретте ҚМДБ «Зекет» қоры игі, ізгі, сауапты іс-шараларға ат салысқан азаматтарға алғысын білдіріп, болашақта өз үлесін қосуға ниет еткен қайырымды жандардың қатары көбейетініне сенеді.