Печать
Просмотров: 1249

«Зекет» қайырымдылық қоры елордадағы ҚМДБ-ға қарасты алғашқы және әзірше жалғыз қыздар медресесін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Картоп, пияз, сәбіз, болгар бұрышы, сұйық май, ұн, күріш, макарон өнімдері, қант, шай және басқа да күнделікті қажетті заттар апарылды. Бұл медреседе қыздарымызды имандылыққа тәрбиелеп, дұрыс діни көзқарас қалыптастыруға септігін тигізер болашақ ұстаздар білім алуда. Исламда ілімнің орны баршамызға белгілі. Сонымен қатар, ілім жолындағы садақаның да маңыздылығы аса жоғары. Медресе жұмыс істеп тұрғанда, медреседегі ұстаздар дәрістерін беріп, шәкірттер алған білімдерін таратуды жалғастырып жатқанда берілген садақаның да сауабы үзілмес.

Ибн Дардадан мынадай сөз жеткізілген: «Бесеудің төртеуі бол, бірақ бесіншісі болма, құрдымға кетесің: ғалым бол, немесе ілім ізденуші бол, немесе (ғалымдарды) тыңдаушы бол, не (ғалымдарды) жақсы көруші бол, бірақ бесінші болма (яғни оларға қатысы жоқ адам болма)».

 «Зекет» қорымен бірге сауабы мол ілім жолындағыларға қолдау көрсетуге ниет етсеңіз, мына телефон нөмеріне хабарлассаңыз болады: 8-775-417-19-12.

Сондай-ақ, «Зекет» қоры игі, ізгі, сауапты іс-шараларға ат салысқан азаматтарға алғысын білдіреді. Алла хайырлы амалдарымызды қабыл еткей!

«Зекет» қорының баспасөз қызметі