Печать
Просмотров: 869

Кеше, 4-желтоқсан күні Мәуліт мерекесінде Абдуғаппар Сманов «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 158-баспананың кілтін табыс етті.

Үйлі болу бақыты төрт баланы тәрбиелеп өсіріп отырған Айгүл Тәжиеваның отбасына бұйырды.

Баспаналы болған отбасының​ қуанышына себепкер болған жергілікті кәсіпкерлерге, сондай-ақ аталған іс-шараны ұйымдастырған Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы Нұрбол Сайлауұлына және Жезқазған аймағы бойынша «Зекет» қорының өкілі Айтжан Қапарұлына ерекше​ алғыс білдіреміз. Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!