Печать
Просмотров: 636

Бұл жағымды жаңалық көкшелік мұсылман қауымды бір қуантып тастады. Осыған дейін «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы бойынша Ақмола облысы бойынша жеті пәтер берілген еді. Жобаның жалғасы ретінде жекелеген адамдар ғана емес, кәсіпкер азаматтар да қомақты үлес қосып, екі бөлмелі жайлы пәтер Көкшетау қаласындағы Тілеулес қажы атындағы қарилар орталығының директоры Теміржан Мұратовтың отбасына салтанатты жағдайда табыс етілді.


Бұл шараға Мүфтияттың оқу-ағарту бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев келіп, қоныс иесіне өзінің тілек сөзін айтты. Шашу шашылып, меймандар қаридың алғашқы дастарханынан дәм татты.

Өз кезегінде қаридың ата-анасы облыстық өкілдікке және пәтер сатып әперуге үлес қосқан азаматтарға өздерінің ризашылықтарын білдірді.