Печать
Просмотров: 614

Елордада орналасқан ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы және қор қызметкерлері қиын жағдайда қалған екі отбасыға қаржылай, азық-түлікпен көмек көрсетті. Жалдап отырған бөлмесіне бірнеше ай қарыз болған жалғыз басты ана «Зекет» қорынан көмек сұрап келген болатын. Үй иесі далаға қуып жатыр деп жылап келген ақ жаулықты анаға дереу көмек көрсетілді. Үйіне бірнеше айға жететін азық-түлік және пәтерақысы төленді.

Көмекке мұқтаж екінші жалғызбасты ана жертөледегі бір бөлмені 5 баласымен жалдап тұрады екен. Ылғал басқан жертөленің бөлмесінде кішкентай балалармен тұру мүмкін емес. 3 жасар баласы ауырып, жеделжәрдеммен ауруханаға түскен. Қор қызметкерлері бұл отбасыға да азық-түлік,ет, ұлына қажетті дәрі-дәрмектерін, балаларына тәттілер апарып берді. Ендігі кезекте бұл отбасыны басқа үйге көшіру қажеттілігі тұр.

Егер сіз бұл отбасыға қандай да бір көмек көрсетуге ниет етсеңіз, төмендегі телефон номеріне хабарлассаңыз болады.

8-775-417-19-12