Печать
Просмотров: 523

ҚМДБ “Зекет” корпоративтік қорының бастамасымен “Ел үлесі – пәтерге” қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып келеді. Көпшіліктің көмегімен 184-ші баспана отырарлық отбасыға бұйырды.
18 жылдан бері пәтер жалдап, әр босағаны сағалап жүрген Пернебай Рысқұлына берілді. Алпысты алқымдаған ақсақалдың тілеуі орындалды.
Ауыл әкімдігінен жаңа қоныс иесіне газ плитасы сыйға тартылды. Игі іс ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Ізгілікке ұйытқы болған аудандық зекет бөлімінің жетекшісі Мақсат Ергубеев бір мұқтажға үй алып берген кәсіпкерге Мүфтият атынан ризашылығын білдірді. Алла Тағала қайырын бүтін қылған азаматқа разы болсын, сауаптан Жазсын!