Печать
Просмотров: 546

Ақпан айының соңғы жұмасында Павлодар мешіттерінде ҚМДБ-нан бекітілген «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» тақырыбында уағыз айтылып, қалалық және  аудан орталығындағы  мешіттердің біразында қайырымдылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

 Уағыздан соң облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлымен  ҚМДБ «Зекет қорының» облыстағы өкілі Тлеубаев Қанат  «Ел үлесі –пәтерге!» науқаны бойынша жиналған қаражатқа Павлодар қаласынан алынған екі бөлмелі пәтердің кілтін Павлодар  аулында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі директорына табыс етті.  Бұл баспана  медресеге дәріс беретін жас ұстаздарға арналады.  Аталмыш медреседе бүгінде  еліміздің 5 облысынан 40-қа жуық бала білім алып жатыр.