Печать
Просмотров: 684

Елімізде «жер жәннаты» аталып кеткен Жетісу жерінде Көксу деген бекет бар. Осы бір аядай ғана ауылдың бірлігі бекем мешіт жамағаты қайырымылыққа қол ұшын созуын үнемі жалғастырып келеді. Иә, бірлігі бар елдің берекесі таусылмақ емес. Мінекей, бүгін де осы ауылда ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріне қарасты Көксу аудандық «Зекет» қорының өкілі Бақыт Тілепбергенұлының ұйымдастыруымен ынтымағы жарасқан жамағаттың  ауызбіршілігінің арқасында "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай 30 игі шара" жоспары бойынша «Зекет» қорының «Тайқазан» жобасының аясында 30 отбасына азық-түлік таратылды.

Жәрдемге мұқтаж жандарды жылы сөзімен, қолдан келген көмегімен қуантқан барша азаматтарға Алланың нұры жаусын!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі