Печать
Просмотров: 494

Әр нәрсенің хайыры бар демекші, осындай қиын-қыстау жағдай басқа түскенде адамдар бір-біріне мейірім көрсетіп, рухани жақындай түсетіні көңілге қуаныш ұялатады. ҚМДБ "Зекет қорының" Талдықорған өңіріне қарасты Ескелді және Көксу аудандық "Зекет қоры" өкілдері Талдықорған қаласына шығатын жол тосқауылында қызметте тұрған тәртіп сақшылары, санитар және медицина қызметкерлеріне ас-су алып барып ауқаттандырды. Осындай хайырлы іске арнайы бет алған Ескелді ауданының бас имамы Мұхаммед Ордыбай мен Ескелді аудандық зекет өкілі Серік Бақмұхаммед, сондай-ақ, Көксу ауданының бас имамы Ерімбет Еділбек пен Көксу аудандық зекет өкілі Бақыт Құрманбайұлы сол жерге мұқтаж жандар жолыққан жағдайда деген ниетпен 100 дана медициналық масканы табыстап, мойындарына мол жауапкершілік артқан барлық қызметкерлерге жақсылық тілеп, алғыс айтып қайтты.