Печать
Просмотров: 400

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық орталық «Байғұт баба» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  бастамасы аясында «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Игі шара аясында Қаратау аудандық орталық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан қажы Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар шараның маңыздылығына тоқталып арнайы уағыз айтып, алдағы ораза айт мерекесімен құттықтады.

Шара аясында Қаратау ауданына қарасты көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 300 отбасыға карантин талаптарына сәйкес ауызашар орнына бір қап ұн, азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» таратылды.  

Айта кету керек, өткізілген қайырымдылық  шараға Шымкент қаласы,  Қайтпас  елді мекенінде орналасқан «Сайман» сауда  орталығының басшылығы мұрындық болды. Алла Тағала разы болсын!  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі