Печать
Просмотров: 371

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 216-шы баспана Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында берілді.

Бұл баспана жетімдер үйінде тәрбиленген екі баланың анасы Анар Мақсотқызына бұйырды. Аталмыш жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіре жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда. Бұл сауапты іс-шараға Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов, елімізге танымал «Назар аудар» театрының әртістері мен кәсіпкерлер атсалысты.

Жаңа қоныс иелеріне Тәжіден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы тозаңтқыш пен диван, ал, «Назар аудар» театрының әртістері кілем тарту етті. Теректі аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқазиев азық-түлік пен тәттілер берді.

Шарада Орал қалалық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады.