Печать
Просмотров: 332

Көпшілікке қуаныш сыйлап, мәз-мейрам болып өтетін Ораза айт та келіп жетті. Осыған орай, ҚМДБ-на қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры 80 отбасыға айттық таратумен қатар зекет те үлестірді.

«Зекет» қорының «Қолдан қолға» жобасы аясында зекет арнайы тәтті кәмпиттер салынған қораптармен таратылды. Иісі мұсылман жандар үшін қаситетті айдың жемісі, ұлық мереке Ораза айтта үйлеріне жеткізілген тосын сыйға таң қалған мұқтаж жандар қуаныштарын жасыра алмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және «Зекет» қорына, ат салысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.

Алла Тағала баршамызға Ораза айтта ғана емес, әрдайым адамдарға қуаныш сыйлап, олардың оң дұғасын алып отыруды нәсіп етсін!

ҚМДБ «Зекет» қоры