Печать
Просмотров: 286

Мешіттер карантинге жабылғалы садақа жәшіктері бос, ал көмек сұраушылар бұрынғыдан көбейіп кетті. Жомарттардың жәрдемімен ҚМДБ Төрағасының бастамаларына қолдау көрсетіліп келеді. Рамазан айында әсіресе сауапты іске асыққандары аз болмады. 

Арыстық жамағат та қайырымдылық шараларынан шет қалмады. Пітір садақасын мешітке әкеліп бергендерінен жиналғаны мұқтаждарға түгел тарқатылды. Қалалық мешіттен 50 отбасыға пітір садақасы есебінен азық-түлік үлестірілді.