Печать
Просмотров: 3697

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қоры Алматы қаласында түрлі қайырымдылық
іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Бүгінгі кезекте Алланың қалауымен "Зекет" корпоративтік қорының үйлестіруші мамандарының ұйымдастыруымен келіп түскен өтініштер бойынша жағдайы төмен, көп балалы аналарға, тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға
киім - кешекпен қамтамасыз етті.

Қаламыздағы "Арзан" 
киім - кешек орталығының қайырымды жандармен бірге «Зекет» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы жанұяларға киім кешек үйлестіріп жәрдем сұрап келген жандардың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорына әрдайым қолдау көрсетіп, үлес қосып жүрген қайырымды жандарға алғыс білдіреміз.