Печать
Просмотров: 442

Зекетті шариғатта кедейдің ақысы дейді. Негізінен бір отбасын пақырлықтан арылтып, ел қатарына қосу үшін басы бүтін берген жөн. Өйткені мұсылманшылықта тілемсектік пен қайыршылық – қайырсыз іс. Ал, бай-бағландардың міндеті жоқ-жітіктерді жарыту екені Құранда да, хадистерде айтылған.

Жетісай аудандық орталық мешітінде жастар ісі мен зекет бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. 120 отбасыға азық-түлік берілді. Сондай-ақ, зекет есебінен 30 мың теңгеден қаржылай үлестірілді.