Печать
Просмотров: 4258

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні «Зекет» қайырымдылық қорының үйлестіруші мамандарының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің ерікті студент ұл, қыздары асыл дініміздің «қара шаңырағы» - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінің ғимаратында тазалық шарасын өткізді.  Осы орайда Хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мына бір хадисі ойға оралады: «Алла таза әрі тазалықты сүйеді».

Қасиетті Құранда: «Сөзсіз, Алла тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді» (Бақара, 222) – деп тазалықтың Алланың сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұны иманның жартысымен бекіткен. Иманы бар адам таза әрі тазалықты сүйетін адам болмақ. Ендеше, жоғарыда аталып өткендей, ілім ізденіп жүрген шәкірттердің Алла ілімдерін арттырып, әрдайым тазаланушы әрі тәубе етуші сүйікті құлдарынан еткей деген тілек айтамыз!