Печать
Просмотров: 387

Құрбан айт мерекесінде "Зекет қорының" "ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ" жобасының аясында Талдықорған өңіріне қарасты Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында жеті жыл бұрын жолдасынан айрылған төрт балалы жесір ана Ракишева Фатима Айбекқызына баспана бұйырды! Осылайша ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап, баспана мұңын шағып келген отбасына қасиетті мерекеде көптен күткен қуаныш та нәсіп болды! Жалпы жұртты қашанда жақсылыққа жетелейтін Құрманғали Мәжитұлы бастаған қариялар батасын беріп, ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы ақ тілегін айтып үйдің кілтін табыстады.
Бұл - Республика аумағындағы аталмыш жоба бойынша берілген 246-шы баспана болып отыр. Осы игі іске атсалысқан барша мұсылман қауымға, Алакөлдік ағайынға Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!