Печать
Просмотров: 592

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Әр аптаға – 1 шара» бастамасына сәйкес, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті «Көшпелі керуен» қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы 50 отбасыдан шыққан балаларға сапалы спорттық киім-кешек таратылды.

Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Зекет» корпоративтік қорының өкілдері мен мешіт имамдары қатысып, мұқтаж отбасылардың үйлеріне арнайы барып, жасөспірімдерге сыйлықтарды табыс етті.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында аталмыш қайырымдылық шаралары еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асып жатыр. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, өңіріміздің мешіттері қайырымдылық акцияларын тоқтатқан емес. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары өз жалғасын табатын болады. Мұқтаж отбасылардың қажеттіліктеріне қарайласып, барынша қолдау білдірген ізгі жандарға Алла разы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді бас имам Әнуар Ізімбайұлы.