Печать
Просмотров: 659

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына жасаған сапарында ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтергі» акциясымен берілген кезекті екі үйдің кілтін табыстады.

Бас имам және «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Оңталап Тасболатұлы Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылындағы тұрмысы төмен екі отбасыға республика бойынша 264, 265-ші баспана кілттерін тапсырды. Жаңа қоныспен құттықтаған имамдар үй иелеріне кілем сыйлады.

Бас имам сапарының негізгі мақсаты – аудандағы ахуалды бақылау, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігімен танысу. Бұдан кейін Б.Ұласханұлы Қарақұм ауылдық мешітінің жанынан орын тебетін асхананың  іргітасын қалау шарасына  қатысып, құрылысын бастап берді. Асхана 200 адамға арналмақ.