Печать
Просмотров: 680

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген 307-баспана Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылының тұрғынына бұйырып отыр.

Үш күнннің ішінде халықтың үлесімен жиналған қаржыға алынған төрт бөлмелі баспананың кілтін Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өрлік ауылына арнайы барып, Болған Ғаббасоваға табыс етті.

«Мұқтаж отбасының мұңына бей-жай қарамай, баспаналы болуына үлес қосқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Бұл «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында тапсырылып отырған 18-баспана. Алла Тағала осындай қуанышты күндерімізді ұзағынан еткей» деді Алтынбек Ұтысханұлы.