Печать
Просмотров: 850

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жүрекке жылу» және «Біз біргеміз» акциялары бойынша мұқтаж отбасыларға көмек берілді.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Қайырымдыл керуеніне» ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған имамдарға ризашылығын білдірді. Өзі де қаладағы мұқтаж отбасыларға арнайы барып, сый-сияпатын жасады.

Сонымен бірге Бас мүфти «Қайырымдылық керуеніне» атсалысқан жомарт жандарға алғыс хат табыстады. Айта кетелік, осы игі шарада 10 тонна көмір мен 11 тонна азық-түлік дайындалып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.