Печать
Просмотров: 797

Бүгін ҚМДБ Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының бастамасымен   «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шара барысында  көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп,  жалпы саны 1000 отбасының әрқайсысына бір қаптан (50 кг) ұн үлестірілді.  

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікермұлы, қалалық «Зекет» қорының өкілі  Айбек Азимбаев және мешіт жанындағы ерікті топ мүшелері қатысты. 

Сондай-ақ, шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы екенін айтып, сабырға шақырып және осы шараға өзінің зекетін аударып, қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға ризалығын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі