Печать
Просмотров: 716

Алматы өңірі бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Қарасай ауданында «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық іс- шарасы өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында 50 көп балалы және мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратылды.

Осы сауапты іс-шарадағы негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. Азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, атап айтсақ күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты күнделікті тұтынатын қажеттіліктер таратылып берілді.

Жиын соңында қайырымдылық сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіншілігіне сай үлесін қосқан жомарт азаматтарға облыстық «Зекет» қоры өкілдері атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.