Печать
Просмотров: 398

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Қаратас ауылының тұрғынына «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 348-баспанасы берілді.

Мұстафа Леуқабыловтың үйі өртеніп кеткен еді. Аудан имамының ұйымдастыруымен жергілікті жұртшылық жұмылып, 4 млн теңгеге баспана салды.

Жаңа қоныстың кілтін облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов табыстады. Сондай-ақ өкілдік атынан сый-сияпат жасады. 

Айта кетейік, былтыр Бәйдібек ауданы бойынша 3 баспана берілген болатын. Аудан имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы биыл тағы 4 үй беру жоспарланғанын айтты.