Печать
Просмотров: 268

ҚМДБ-ның Талдықоған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының тікелей мұрындық болуымен әрі өңірдегі «Зекет және қайырымдылық қоры» өкілдігінің бастамасымен «Жылулық сыйла» акциясы жалғасын тауып, көмекке мұқтаж 10 отбасына 10 тонна көмірмен көмек көрсетілді.

«Кең болсаң, кем болмайсың» демекші, осы іс-шараға ат салысып жатқан әрбір мейірімді жандардың отбасына, өмірлеріне, ұрпақтарына Алла Тағала берекесін берсін деп тіледік. Осындай игі қайырымдылық шаралары, алдағы уақытта да жалғасын таппақ» дейді бас имам А.Нүсіпханұлы.

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Талдықорғандағы өкілдігі бұдан бөлек түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді.