Печать
Просмотров: 3414

“Зекет қоры” Түркістан облыстық өкілдігінің мұрындық болуымен “Жылы жүрек – жомарт қол” акциясы басталды. Шара аясында жомарт жандардың шарапатымен тұрмысы төмен отбасы балалары бастан-аяқ киіндіру көзделген.

Кентау қалалық зекет қорының жетекшісі Д.Құрбанқұлов зекетін өтеген жергілікті азаматтардың қаржысын топтап қайырымдылық өткізді. Көпбалалы отбасының бүлдіршіндеріне киім-кешек үлестірді.

Балаларды дүкенге ертіп апарып, өлшеміне сай əрі өздері ұнатқан киімдерді алып берді. Əп-сəтте сəнденіп шыға келген балалар қуанып қалды.

Игі іске қолдау көрсеткен Кентау қалалық білім бөлімі мен қолқайыры мол азаматтарға алғыс білдіреміз.