Печать
Просмотров: 373

Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы "Аймантөбе" мешітінің имамы Рахманов Кенжехан, Байзақ ауылы "Тілеш қажы" мешітінің имамы Абиров Рахымбек, Бурыл ауылы "Шолпан Дәуіт" мешітінің имамы Тілеуқулов Қанат «Берекелі рамазан қайырымдылық» акциясына атсалысып, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына азық-түліктей көмек таратты.

Атап айтқанда, Байзақ ауылында 15 отбасына 200 000 теңге, Аймантөбе ауылында 14 отбасына 165 000 теңге,  Бурыл ауылы 50 отбасы 500 000 теңге мөлшеріндей қайырымдылық іс-шаралары атқарылды. Жалпы алғанда 79 отбасына 865 000 теңге  өлшерінде азық-түліктер таратылды. Көпбалалы тұрмысы төмен отбасылары қуанышқа бөленіп, ризашықтарын айтты.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі