Печать
Просмотров: 363

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Ораза айт күні Семей аймағы, Аягөз қалалық мешітінің күзетшісі Нұрлан Мырзаханұлы баспаналы болды.

Мешітте тұрып, 16 жылдан астам қызмет атқарған Нұрлан Ибраевты Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілтін табыс етті.

Мешіттің ұйымдастыруы және көпшіліктің қолдауымен үйлі болған қуаныш иесі:

«Әр қазақ менің жалғызым, баспанасыз жүрген азаматтарымыз осындай қуаныштарға кенеліп, үйлі болсын» деген жүрекжарды тілегін айтып, қайырымды іске үлес қосқан жанашыр азаматтарға алғысын білдірді.