Печать
Просмотров: 369

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданына арнайы іссапармен барды.

Сапар барысында бас имам жыраулар өлкесінде ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараларына қатысты.

Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі алты бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышты сәтіне куә болды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының республикалық «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 388-баспана қармақшылық жанұяға бұйырды.

Бұдан кейін бас имам үйі өртеніп, қиындыққа ұшыраған екі отбасыға 100 000тг көлеміндегі қаржылай көмек пен 50 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.

Шара соңында Болатбек Ұласқанұлы Қармақшыдағы қайырымды істердің жүзеге асуына үлес қосқан жергілікті жанашыр азаматтар мен 1991 жылы туылған Тәуелсіздік құрдастарына алғыс білдірді.