Печать
Просмотров: 364

Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйымдастыруымен 409-үй тарту етілді. Игі іс “Жұма” мешітінің жамағаттарының жәрдем етуімен іске асты.

5 бөлмелі үйдің сатып алу құны мен күрделі жөндеу, жабдықтау жұмыстарына 7 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. 12/9 метр жалпы көлемі.

Баспана Мұратжан Балтановтың отбасына берілді. Оның өзі мүгедектік тобында, 5 баласымен 15 жылдан бері 2 бөлмелі қоржынтамда өмір сүріп келген.

Мұратжанға үйдің кілтін облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов табыстады. Қоныс иелері алғыстарын жаудырып қалды.

Қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев демеушілерге ризашылығын білдірді. Рахман Иеміз баршасына разы Болсын, кәсіптеріне берекесін Берсін!