Печать
Просмотров: 336

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен 3 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы көмекке мұқтаж отбасыларға 426, 427 және 428-үйлердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті жамағаттан біраз адам ат салысты.

Мерейлі іс-шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға, мешіт имамдары мен жамағатына шексіз ризашылықтарын білдірді.