Печать
Просмотров: 371

Төлеби аудандық зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйытқы болуымен “Ел үлесі – пәтерге” акциясы өтті. Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 2001-жылғы түлектерінің демеушілігімен 435-үй тарту етілді.

Үш бөлмелі баспана көп балалы отбасыға берілді. Жазира Ташенованың жолдасы дүниеден озғалы әр пәтердің табалдырығын тоздырған.

Оған Алланың қалауымен Леңгір қаласынан баспана бұйырды. Кейуананың қуанышында шек болмады.

Қоныс иелерін құттықтап аудан имамы Үсен Сауырбаев пен бөлім жетекшісі Сейітжан Нарымбетов те барды. Бұл аудан бойынша атқарылған ауқымды іс екені айтылды.

Үсен Сауырбаев бір отбасының бұйымтайын алып берген демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!,