Печать
Просмотров: 292
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық қоры» және қаламыздағы бірқатар кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы жанұяларға мектеп құралдары мен сөмкелерін табыс етті.
 
Игі шараға қатысқан ата аналар өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, аталмыш шараны ұйымдастыруға үлес қосқан барша ел ағаларына алғыс білдірді. 3 баланың анасы өз сөзінде: «Жаңа оқу жылы басталғанда әр ата ана балаларына қуаныш сыйлап, барлық қажетті заттарымен қамтамасыз еткісі келеді. Алайда, бір отбасында бірнеше бала мектепке баратындықтан, жағдайы төмен отбасыларға аздап қиындық тудырады. 3 балам мектепке барады, алайда, былтырғы мектеп сөмкелерін сүртіп, жуып беремін, ескілеу болса да мектепке сонымен баратын болды деп іштей қамығып жүрген едім. Осындай қиналған сәтте мешіт тарапынан жасалған бұл көмекті өте қатты бағалап, өз алғысымды білдіремін. Балаларыма қуаныш сыйладыңыздар. Ұйымдастырушыларға көп рахмет».
 
Жаңа оқу жылы қарсаңында мешітте өткен бұл іс-шара 1000нан астам балаларға шынайы қуаныш сыйлады. Осы тұрғыда ««Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың қуанышына себеп болған, оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған мешіт имамдарына, кәсіпкерлерге, жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.
 
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі